
1982 жылы 12 мамырда Атырау облысы Махамбет ауданы Таңдай елді мекенінде дүниеге келген.
1988-1999 жылдар аралығында Атырау қаласындағы Жамбыл атындағы №21 орта мектебінің 11-сыныбын аяқтап, сол жылы Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің заң факультетіне оқуға, түсіп 2003 жылы заңгер мамандығын алып шыққан.
2003 жылы Қазақстан құқық және экономика институтында мұғалім қызметін атқарды.
2006-2010 жылдар аралығында Атырау қаласындағы Ағылшын тілін тереңдетіп оқытатын техникалық гимназияда мұғалім қызметін атқарып жүріп, 2010 жылы Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің дене шынықтыру және спорт мамандығына түсіп, екінші жоғары оқу орнын 2012 жылы қызыл дипломмен аяқтады.
2012-2015 жылдары-қалалық білім бөлімінде АӘД және дене шынықтыру пәнінің әдіскері, 2015-2017 жылға дейін №28 жалпы білім беретін орта мектепте директор қызметін атқарды.
2017-2025 жылға дейін Жалпы білім беретін №37 Салық Зиманов атындағы орта мектепте директор қызметін атқарды. «Қарулы Күштерінің ардагерлері» РҚБ Орталық Кеңесі Президумының шешіміне сәйкес «Армия генералы А.Қ.Нұрмағамбетов медалімен марапатталды. “PISA халықаралық зерттеуінің тәжірибелері”жоба жұмысын үздік жазғаны үшін Грамота. 2016ж “Атырау облысы Кәсіподақтар орталығы”қызмет ұжымына сіңірген еңбегі және кәсіподақтар мүшелерінің әлеуметтік экономикалық құқықтары мен мүдделерін қорғаудағы белсенді қызметі үшін Құрмет грамотасы. 70 лет Победы Великой Отечественной войне 1941-1945 гг төсбелгісімен марапатталды.
«Спорт жұлдыздары »журналы редакция алқасының шешімімен Дене шынықтыру мен спортты дамытуға қосқан үлесі үшін медалімен марапатталғандығы туралы №501 куәлік нөмірі. Қалық Қаһарманы Бауыржан Момышұлының 100 жылдық мерей тойына арналған медалімен марапатталды.
Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы ерекше еңбегі үшін
«БІЛІМ БЕРУ ІСІНІҢ ҚҰРМЕТТІ ҚЫЗМЕТКЕРІ» төсбелігісімен марапатталғандығы туралы берілді №501 куәлік нөмірі. 2017ж. Астана Білім беру мазмұнын жаңартудың маңыздылығы тақырыбындағы республикалық семинар конференция «Табысты көшбасшысы төсбелгіс»2017 жылдың 20 наурыздың № 248 бұйрығымен ҚҰРМЕТТІ ҰСТАЗ медалімен марапатталды.
2025 жылдың 1 қазан айынан бастап Жалпы білім беретін №8 У.Атамбаев орта мектебіне директор қызметіне Атырау қаласы білім бөлімінің №556 бұйрығымен тағайындалды.